присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

31 наурыз 2023 10:21
Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуламен ойнады.

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен болатын. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты. Есеп – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина енді финалға әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру