4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Мәжіліс төрағасы Армения Парламентінің спикерімен кездесті

    14 Мамыр, 2025
    Мәжіліс төрағасы Армения Парламентінің спикерімен кездесті

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесті.

    Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов Арменияның Оңтүстік Кавказ аймағындағы Қазақстан үшін маңызды әріптес екенін атап өтті. Мәжіліс спикері біздің еліміз Армения басшылығы жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды үлкен қызығушылықпен бақылап отырғанын айтты.

    Былтыр Қазақстан мен Армения арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шарттың 25 жылдығын атап өттік. Бұл мерейтойға орай мемлекет басшыларының ресми сапарлар алмасуының символдық мәні зор. Бұл екі маңызды оқиға жаңа геосаяси жағдайлардағы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастыққа қуатты қарқын берді. Онда әріптестігіміздің барлық салаларын қамтитын бірқатар келісімге қол қойылды, – деді Ерлан Қошанов.

    Кездесу барысында Парламент спикерлері жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу және жаңа экономикалық әрі мәдени жобаларды қолдау мәселелерін талқылады.

    Мәжіліс төрағасы армян әріптесін елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен заң шығару жұмысы жайында хабардар етті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстанда қабылданған әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі мен тәртіпті нығайтуға бағытталған заңдардың Армения үшін қызығушылық тудыратынын атап өтті. Осы орайда депутаттар бейінді комитеттер арқылы тәжірибе алмасуға келісті.

    Өз кезегінде Ален Симонян парламенттер арасындағы қарым-қатынасты жандандыру қажеттігіне назар аударды.

    Парламентаралық байланыстың дамуы өзара түсіністікті тереңдетуге, сенімді нығайтуға, сондай-ақ екіжақты келісімдерді тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Биыл сәуір айында өткен Қазақстан мәдениеті күндері Армения үшін мәдени-гуманитарлық саладағы маңызды оқиғаға айналды. Сонымен бірге Армения тарапы Қазақстан билігі мен халқының армян диаспорасына деген көзқарасын жоғары бағалайды. Ол – елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы маңызды дәнекер, – деді Ұлттық жиналыс төрағасы.

    Сонымен қатар тараптар экономика, логистика, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін де талқылады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Орал тұрғыны бақшасында есірткі өсірген

    Келесі жазба

    Бір аптадан кейін Қазақстанда смартфондар бұғаттала бастайды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews