20 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қарағандыда зейнеткер 3 миллион теңгесін алаяқтарға бере жаздады

    19 Қазан, 2026
    Қарағандыда зейнеткер 3 миллион теңгесін алаяқтарға бере жаздады

    Фото: Freepik

    Қарағандыда зейнеткер 3 миллион теңгесін алаяқтарға бере жаздады

    Қарағанды облысында 68 жастағы әйел телефон алаяқтарының арбауына түсіп, депозитіндегі 3 миллион теңгені жоғалтуға шақ қалды. Ол ақшасын қолма-қол шешіп алып, оны Алматыға жеткізу үшін такси жалдаған. Алайда жүргізушінің күмәндануының арқасында зейнеткердің қаражаты сақталып қалды.

    Полицияның мәліметінше, оқиға Жаңа Майқұдық ауылының тұрғынымен болған. Бәрі телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз адамдар әйелге бұрынғы әріптестері ретінде хабарласып, банк шоттарын шұғыл тексеру керектігін айтқан. Осылайша олар зейнеткерді алаңдатып, асығыс шешім қабылдауға итермелеген.

    Кейін WhatsApp арқылы өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған «Марат» есімді адам байланысқа шыққан. Ол әйелге ақшасын қорғауға көмектесетінін айтып, сеніміне кірген.

    Алаяқтар зейнеткердің депозитінде 3 миллион теңге бар екенін білген соң, барлық қаражатын қолма-қол шешіп алуды тапсырған. Әйел олардың айтқанын орындап, ақшаны банктен алған.

    Осыдан кейін оған қаражатты қалааралық таксимен Алматыға жеткізу керектігі айтылған. Зейнеткер сауда үйіне қарай бет алып, жолға шығуға дайындалған. Алайда такси жүргізушісі жолаушысының әрекетінен күмәнданып, полицияға хабар берген. Ол тәртіп сақшыларына жағдайды түсіндіріп, әйелдің қайда бара жатқанын жеткізген.

    Оқиға орнына жеткен криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың алдын алды. Нәтижесінде 3 миллион теңге зейнеткердің өзінде қалды.

    Полиция тұрғындарға ескерту жасады

    Құқық қорғау органдары азаматтарды телефон арқылы өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстыратын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

    Полицияның ескертуінше, банк қызметкерлері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері мессенджер арқылы ақша шешіп алуды, басқа шотқа аударуды немесе үшінші тұлғаға беруді талап етпейді.

    Егер күмәнді қоңырау түссе, әңгімені бірден тоқтатып, болған жағдай туралы 102 нөміріне хабарлау қажет. Сондай-ақ жақындарыңызға, әсіресе егде жастағы туыстарыңызға интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың кең тараған тәсілдерін түсіндіріп отырған жөн.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 13 Қытай азаматын Қазақстаннан шығарды

    Келесі жазба

    Астанадан Павлодарға қатынайтын жолаушылар саны артты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанадан Павлодарға қатынайтын жолаушылар саны артты

    Қарағандыда зейнеткер 3 миллион теңгесін алаяқтарға бере жаздады

    ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 13 Қытай азаматын Қазақстаннан шығарды

    Рамазан-2027: ораза 8 ақпанда басталады

    Жамбыл облысында көл ортасындағы тасқа жабысып қалған баланы полицейлер құтқарды

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸

    © 2025 TauNews