13 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.31 ₸
    EUR EUR 504.56 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда кәсіпкерлер саны 3,2 миллионға жетті

    13 Қазан, 2026
    Қазақстанда кәсіпкерлер саны 3,2 миллионға жетті

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қоса алғанда, кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы саны 3,2 миллион адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

    Министрдің дерегінше, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында елімізде 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың 34,7 мыңы заңды тұлға болса, 242,3 мыңы жеке кәсіпкер ретінде есепке алынған.

    Сонымен бірге есепті кезеңде 19,7 мың заңды тұлға мен 356 мың жеке кәсіпкер тіркеуден шығарылған. Алайда бұл көрсеткіштердің барлығы кәсіпкерлік қызметтің толық тоқтағанын білдірмейді.

    Серік Жұманғариннің айтуынша, есептен шығарылған жеке кәсіпкерлердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған. Ал 20,8%-ы кәсіпкерлік қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимге ауысқан.

    Бұдан бөлек, жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін кәсіпкерлер саны 28%-ға өскен.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді 981 мың адам таңдаған. Олардың 807 мыңы салық органдарында алғаш рет тіркелген.

    Үкімет алдағы уақытта экономиканың өсу қарқынын арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға басымдық бермек. Сондай-ақ жоспарланған өндірістік жобаларды жыл соңына дейін іске қосу көзделіп отыр.

    Бұл туралы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтып, жаңа өндіріс орындарын іске қосу экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталғанын атап өтті.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстан бюджетіне салық түсімдері 19,3 трлн теңгеге жетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда кәсіпкерлер саны 3,2 миллионға жетті

    Қазақстан бюджетіне салық түсімдері 19,3 трлн теңгеге жетті

    Астанада Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін

    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымына Ұлттық музейді таныстырды

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарының тәртібі өзгерді: ІІМ түсініктеме берді

    БҚО-да төрт бала соттан әкесіне қайтаруды сұрады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.31 ₸
    EUR EUR 504.56 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸

    © 2025 TauNews