Әзербайжанның Сабирабад ауданында болған өрттен бір отбасының төрт мүшесі ажал құшты.
Oxu.Az порталының хабарлауынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі қабатты тұрғын үйде қосылып тұрған кондиционердің қатты қызып кетуінен үйдің электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған.
Нәтижесінде бірінші қабаттағы электр сымдары отқа оранған. Осы кезде отбасы мүшелері екінші қабатта болғандықтан, өрт туралы кеш білген. Өкінішке қарай, олар үйден дер кезінде шығып үлгермей, тірідей жанып кеткен.