присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

26 қыркүйек 2022 10:45
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Марат Сандыбаев тағайындалды.

Марат Нұрланбекұлы Семей мемлекеттік медицина институтын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, «Алматы Менеджмент Университеті» ОҒҚ бітірген.

Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының анестезиолог дәрігері болып жұмыс істей бастады.

1996-1998 жылдары - Семей қаласындағы облыстық онкодиспансері ОМР бойынша директордың орынбасары;

1998-2013 жылдары - Семей қаласындағы өңірлік онкодиспансерінің директоры;

2018-2022 жылдары - Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының директоры болды.

Марат Нұрланбекұлы медицина ғылымдарының докторы, Медицина мамандығының доценті. Екі монографияның, 183 ғылыми мақаланың авторы, 10 авторлық куәлік және бір инновациялық патенттің иегері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулықсақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру