присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыға АҚШ-тан жөнелтілген есірткі контрабандасының жолы кесілді

05 қазан 2022 09:37
Алматыға АҚШ-тан жөнелтілген есірткі контрабандасының жолы кесілді

Алматыда АҚШ-тан гашиш пен марихуананы пошта арқылы жеткізу арнасының жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, биыл 2 қазанда Алматы қаласында АҚШ-тан пошта жөнелтілімдері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасымен айналысқан азаматтар ұсталды. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде олардан салмағы 648,98 гр. «марихуана», сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр «гашиш» есірткі заттары табылып, тәркіленген.

Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлады, тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп, орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру