присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атаулы әлеуметтік көмектің басым бөлігін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының отбасылары алып отыр

27 мамыр 2022 15:50
Атаулы әлеуметтік көмектің басым бөлігін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының отбасылары алып отыр

Өңірлік бөліністе 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Шымкент қаласында – 47,2 мың отбасы (23,8%), Түркістан облысында – 42,9 мың отбасы (21,7%) және Алматы облысында – 22,6 мың отбасы (11,4%) байқалады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлім етті.

«Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 571,1 мың адамның 63,6%-ы немесе 363,1 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес АӘК алушы отбасылардың 99%-да кемінде бір баласы болады. Көмек алушы отбасылар арасында көпбалалы отбасылар саны 40,4% (44 966 көпбалалы отбасы). Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5% - ға жоғары (37,9%)», – деп атап өтті Асқар Ниязов.

АӘК алушылар саны ең аз өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы - 2,7 мың отбасы (1,3%) және Атырау облысы – 1,6 мың отбасы (0,8%). АӘК алушылар құрылымында басым көпшілігі балалар үлесіне тиесілі – 63,1% немесе 623,9 мың адам. 18,3% немесе 181,6 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 10,2% немесе 101,4 мың адам – балаларды, қарт адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар; қалған 8,4% - ы азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру