присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында қандай шектеу шаралары болатынын айтты

03 тамыз 2022 10:01
Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында қандай шектеу шаралары болатынын айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, жаппай оқытудың онлайн-форматына көшпейтін шығармыз. Былтыр бірнеше толқынын да көрдік. Әрине, 100 проценттік сеніммен айтуға болмайды. Барлығы инфекцияның таралу деңгейі мен нақты штамға байланысты болады. Сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға қарай тиісті шаралар қолға алынады", - дейді Есмағамбетова.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шаралары әзірленеді. Алдымен мектептегі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға басымдық беріледі. Мектепті жиі жинауға тапсырма беріледі. Дезинфекциялық құралдар қолданылады.

Бұдан бөлек, мектепте педагогтер мен оқушылардың дене қызуын өлшеу шарасы да енгізілуі мүмкін. Температура анықталса, баланы сабаққа кіргізбейді.
Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, мектепте барлық бұқаралық шараға да тыйым салынуы ықтимал.

Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжамды жариялады. Оның айтуынша, тамыз айында вирус жұқтырғандардың саны күніне 4 000 адамға дейін барады. Ал қыркүйек айында төмендейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру