Экс-министр Мұрат Бектановқа қатысты іс сотта қаралып жатыр
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған 8 полиция қызметкеріне қатысты 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты
«Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмен әдістерін қолдану фактісі бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. Барлығы 29 құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Оның сегізі сотта, жиырмасы бойынша іс материалдарымен танысу жүргізілуде және біреуі бойынша тергеу жалғасып жатыр», - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.
Ол Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің экс-басшысы, Алматы облысы полиция департаменті мен Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру материалдарымен танысу рәсімдері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Одан бөлек, Бас прокуратура өкілі бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатқанын айтты
Еске сала кетсек, биыл 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған болатын. Мұрат Бектанов 20 ақпанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ