Франция соты экс-банкир Әблязовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты
Париждің апелляциялық соты қазақстандық БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатты, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі осы жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасап.
Айта кетері, қашқын банкир қазір Францияда тұрады, Қазақстанда ақша жымқырғаны үшін сырттай сотталған.
2020 жылдың қазан айында Париж соты 57 жастағы Әблязовке "мән-жайды ауырлататын жағдайда сенімді теріс пайдаланып, ақша жылыстатты" деген айып тақты. Франция билігі оны бостандықта, "сот бақылауында" қалдыруды шешті. Бұл ешқайда шықпау туралы қолхатпен бірдей, бірақ жарты миллион еуро кепіл төлеуге міндеттеді. Кейінірек БАҚ егер Әблязов ел билігінің пайдасына кепіл енгізбесе, қамауға алынуы мүмкін екені хабарлады. Бейсенбі күні Әблязов ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалаудың тоқтауына қол жеткізді.
Десе де, Франс Пресс атап өткендей, БТА банкінің заңгерлері кассациялық шағым түсірді, сол себепті Париждің апелляциялық сотының шешімі түпкілікті емес.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ