присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24 желтоқсан 2021 16:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы «Ақорданың» баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.

Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру