присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан құс етіне импорттық тәуелділікті 35 пайызға дейін азайтты

17 мамыр 2022 10:30
Қазақстан құс етіне импорттық тәуелділікті 35 пайызға дейін азайтты

Өткен жылы еліміздің мал шаруашылығы саласында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

«Сүтті мал шаруашылығында 2021 жылы импортты алмастыру тапсырмасына сәйкес қуаттылығы 57 мың тонна сүт болатын 35 сүт-тауарлы ферма енгізілді. Өткен жылы пайдалануға берілген 35 ферманың 10-ы Солтүстік Қазақстанда құрылды, бұл басқа өңірлер үшін мал шаруашылығына инвестиция тартудың жарқын мысалы болмақ. Биыл 2,8 мың жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам 62 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.

Министр соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті артқанын айтты. Мемлекеттік қолдау шараларының күшеюіне байланысты малдың барлық түрі бойынша асыл тұқымды малдың үлесі артты. Осылайша, асыл тұқымды мал үлесі жалпы ірі қара малды алғанда, 7%-дан 13%-ға дейін өсті. Тұқымды асылдандыру жұмыстармен айналысатын шаруа қожалықтарының саны да 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін өсті.

«Еліміз сиыр, қой және жылқы етімен және жұмыртқамен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болды. Ал құс еті арқылы соңғы 3 жылда импортқа тәуелділікті 51%-дан 35%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды», - деді Е. Қарашөкеев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру