присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда жеке бас құжаттарын рәсiмдеу жеңілдейдi

05 мамыр 2022 12:48
Қазақстанда жеке бас құжаттарын рәсiмдеу жеңілдейдi

Қазақстанда куәліктерді ресімдеу терминалдары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды LS агенттігі.  

Министрлiктiң ақпараты бойынша, ІІМ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, ХҚКО-ларда "құжаттандыру терминалы"арнайы жабдығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл дерекқордағы фотосуреттер арқылы жеке басын анықтау процесін жеңілдетеді.

"Жобаны сәтті енгізген жағдайда азаматтар терминал арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өз бетінше өтінім рәсімдей алады. Яғни, олар бір жерде суретке түсіп, өздерінің анықтамалық деректерін енгізіп, жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт және (немесе) жеке куәлік) үшін мемлекеттік баж төлей алады. Содан кейін құжаттандыру рәсімін аяқтау үшін көші- қон қызметінің қызметкеріне (тексеруге және құжат дайындауға өтінім жіберу үшін) жүгіне алады ", - деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде.

Министрлiкте пилоттық жоба келісілгеннен кейін Нұр-Сұлтанда іске қосылатынын атап өтті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру