присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда әуекомпаниялар үшін жаңа айыппұл енгізілуі мүмкін

01 шілде 2022 09:50
Қазақстанда әуекомпаниялар үшін жаңа айыппұл енгізілуі мүмкін

Рейс кешіктірілген жағдайда тасымалдаушы билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бұл туралы "Жолаушылар теміржолы және әуе тасымалы: кешігу, баға және қызмет көрсету сапасы" брифингінде айтылды.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиеваның айтуынша, азаматтық авиациядағы басты басымдық - қауіпсіздік. Сондықтан әуекомпаниялар жолаушыларды межелі жерге қауіпсіз және уақытылы жеткізуге мүдделі. Бұл жағдайда кідірістердің болуы заңды және көптеген себепке: әуе кемесінің техникалық ақаулығы, ауа райының қиын жағдайлары және басқаларына байланысты болуы мүмкін.

"Әуекомпанияның кінәсінен рейс кідірген жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы кідіріс ұзақтығына байланысты тегін негізде: екі телефон қоңырауын шалу, салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде тұру, сондай-ақ қонақүйге дейін және әуежайға кері қарай жеткізуді ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, тасымалдаушы кешіктірудің әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді", - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Бұл көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда әуекомпания 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында қазіргі уақытта рейсті кешіктіргені үшін айыппұл төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Шараға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыратын ірі қазақстандық авиакомпаниялардың өкілдері қатысты. Олар қазіргі уақытта жолаушыларды алаңдатып отырған әуе тасымалдарына қатысты сұрақтарды талқылады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру