присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылды

15 шілде 2022 14:05
Қазақстандықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қажеттілігінің 2022-2023 жылдарға арналған жоспары қалыптастырылғаны айтылды. Оған сәйкес көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 миллион тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 миллион тонна қарастырылса, 6,7 миллион тонна көмір халыққа арналған.

"Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын министрлік 2022 жылдың наурыздан бастады. Ал жергілікті атқарушы органдарға биылғы 15 шілдеден бастап көмірді дайындау жұмыстары бастау ұсынылды. Сондай-ақ, алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Бұл карта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жолданды", - деді ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Жиынды қорытындылаған Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру