присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанға кірген шетел әскері елден екі күннен кейін шыға бастайды

11 қаңтар 2022 11:49
Қазақстанға кірген шетел әскері елден екі күннен кейін шыға бастайды

Бұл туралы бүгін Парламент отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Дәлірек айтсақ, Тоқаев Қазақстандағы соңғы оқиғаларға байланысты елге шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік әскері екі күннен кейін Қазақстаннан шыға бастайтынын қадап айтты.

«Осылайша, алдағы 10 күн ішінде Қазақстан аумағынан ҰҚШҰ әскері толығымен шығады»,- деп мәлім етті Тоқаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру