«ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиев Атыраудағы МӨЗ-де болды
2022 жылы 28 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ динамикалық жабдықтар мен қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
Мырзағалиев кәсіпорын басшылығына қысқа мерзімде іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауды, жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және тұтынушыларға қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, штаттан тыс жағдайлардың қаупін одан әрі азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта зауытта іске қосу-реттеу шаралары жалғасуда, технологиялық объектілердің жұмысын кезең-кезеңімен қалпына келтіру, жабдықты мұнай өнімдері мен катализатордан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылған. Бүгінгі таңда бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді», - деп баяндады АМӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратов.
Естеріңізге сала кетейік, жақында зауыт сыртқы электр желілерінен ажырап, салдарынан АМӨЗ жұмысы толық тоқтап қалды.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Шикізатты өңдеуді бастау 28 шілде күні кешке жоспарланған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ