присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қаңтарда зардап шеккен көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

28 сәуір 2022 10:52
Қаңтарда зардап шеккен көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі.

«Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар», - делінген ақпаратта.

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде  белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру