Қостанай облысының әкімі бес жасар Мәдинаның отбасына көңіл айтты
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде кеше түнде денесі табылған бес жасар Мәдинаның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт. Біз бәріміз баланы аман-есен табамыз деп үміттенген едік", - деп жазды әкім.
Ол еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, облыс тұрғындарына іздеу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Өңір басшысы Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және материалдық көмек көрсетуге тапсырма бергенін хабарлады.
Еске сала кетейік, қыз өткен жексенбі күні таңертең газ құбыры арқылы екінші қабаттың терезесінен үйден шығып кеткен.
Полицейлер мен облыстың еріктілері бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен. Баланың денесі өзен аңғарынан дронның көмегімен табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ