присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қытай Қазақстанға "өз мүмкіндіктері шегінде" көмек көрсетуге дайын

11 қаңтар 2022 09:53
Қытай Қазақстанға

Қытай Қазақстанның қалауына сәйкес және өз мүмкіндіктері шегінде көрші елге көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады РИА Новостиге ҚХР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында Бейжің Қазақстанның тұрақтылығына нұқсан келтіретін және ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген күштерге табанды түрде қарсылық білдіретінін айтқан.

Си Цзиньпин екі ел арасындағы достыққа және ынтымақтастыққа кедергі келтіретін кез келген әрекетке қарсылық білдірді, сондай-ақ Қазақстанға қажетті қолдау мен қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін мәлімдеді.  

"Қытай мен Қазақстан – тату көршілер және тұрақты стратегиялық серіктестер. Қытай Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан және Қазақстан тарапының қалауына сәйкес және өз мүмкіндіктері шегінде көмек көрсетеді", - деп атап өтті ведомство.
Сыртқы істер министрлігі Қытайдың тыныштықты қалпына келтіруге, экономикалық дамуға және Қазақстан халқының тұрмысын жақсартуға көмектесетін шараларға сындарлы көзқарасты ұстанатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ҚХР сыртқы істер министрлігі Қытай Қазақстанға нақты қандай көмек көрсетеді және қажет болған жағдайда ол жерге өзінің бітімгершілік күштерін жіберуге дайын ба деген сауалға тікелей жауап бермеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру