Қызылорда қаласында халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлері 19 қыркүйекте жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған шара барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 11-тармағымен күдікке ілінген қызылордалық тұрғын қолға түсті.
«Ол 2021 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген еді. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ