присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Күкірт триоксидін таратқаны үшін "Қазфосфат" кәсіпорны 5,5 млн теңге айыппұл арқалады

03 тамыз 2022 11:43
Күкірт триоксидін таратқаны үшін

"Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауыты ауаға күкірт триоксидін шығарғаны үшін 5,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Барлық кемшіліктер 26 тамызға дейін жойылуы керек, деп хабарлады "Хабар 24".
Ұйғарымға сәйкес, мерзімінде орындалмаған жағдайда зауыт жұмысын тоқтату бойынша қатаң шаралар қабылданады.

"Қалдықтың таралғаны туралы хабарлаған жоқ. Біз ауаға бір тоннаға жуық күкірт триоксиді бөлінгенін анықтадық. Зауыттағы техникалық кемшіліктерді қауіпсіздік журналына тіркемеу, технологиялық тәртіпті қадағаламау сынды қателіктер көп. Мәселен кейбір фланецті жалғанған тұстардан газ, қышқыл, күкірт сияқты сұйықтық тараған. Сондықтан аталған заң бұзушылықтар үшін компания жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Жамбыл облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Арсен Латыпов.

Еске салсақ, 11 шілде күні кәсіпорында арнаулы сорғы істен шығып, Тараз қаласын түтін басқан еді. Біршама адамның тамағы ұстап, басы ауырған.

Экологтар ауа қабатына тексеріп, фторлы сутектің мөлшерден 7,5 есе артқанын анықтады. Одан кейін Елорда, Шымкент және Қарағанды облысының мамандары келіп он күндік жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде зауыттан шыққан күкірт триоксиді 18 минут бойы ауа қабатына тараған. Сол уақыт аралығында бір тоннадан астам күкірт триоксиді шықты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру