присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Маңғыстау мектептерінде сабақ беріп жүрген 9 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

28 қыркүйек 2022 14:17
Маңғыстау мектептерінде сабақ беріп жүрген 9 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

Прокурорлар жүргізілген талдау нәтижесінде Маңғыстау облысының мектептерінде жалған диплом пайдалану бойынша 9 дерек анықтаған.

Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылған.

Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте анықталған (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының бір мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталды.

Прокуратура аталған мектептер бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру