Мәжіліс референдум туралы заң жобасын талқылады
Бүгін Парламенттің төменгі палатасының депутаттары бүгін Мәжілістің жалпы отырысында күн тәртібіне қосымша мәселені енгізді. Нақтырақ айтқанда, депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын талқылады.
Аталған мәселеге қатысты ең алдымен Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов мінберде баяндама жасады.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Заң жобасымен референдумға қойылған мәселелерді қамтитын бюллетендердегі бір де бір жауап белгіленбеген нұсқаларын жарамсыз деп тану және ұсынылған жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетендерді жарамды деп тану нормалары енгізіледі. Алайда бұндай бюллетендер дауыс беру кезінде есепке алынбайды», - деді ол.
Сонымен қатар, дауыс берушінің бюллетеньде кез-келген белгі қою арқылы дауыс беру еркі нақтыланады. Бұл норма, өз кезегінде, дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ