присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мүлік салығын төлемегендерге 4 қазаннан бастап айыппұл салынады

03 қазан 2022 15:41
Мүлік салығын төлемегендерге 4 қазаннан бастап айыппұл салынады

Демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 қазаннан 3 қазанға ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Комитет өкілдерінің айтуынша, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

«Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады», - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру