Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында баспана қымбаттауы мүмкін
Мегаполистерде тұрғын үй тағы 10-15 процентке қымбаттауы мүмкін. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов осылай болжайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қос қалада баспана құрылысының азаюы себеп. Сарапшы ұсыныстың төмендеуі сұранысты арттырып жіберетініне сенімді. Салдарынан баға да шарықтауы мүмкін. Алдымен жаңа үйлер, кейін екінші нарықтағы пәтерлер қымбаттайды. Жоспарға сай биыл 18 млн шаршы метр үй салыну керек еді. Енді оның көлемі 3 млн-ға кемиді. Мұндай шешімге мегаполистердегі инженерлік инфрақұрылымның дайын болмауы әсер еткен. Бірақ министр Қайырбек Өскенбаев келесі жылдан бастап салынатын тұрғын үйлер көлемі жыл сайын 200 мың шаршы метрге өсіп отыратынын мәлімдеген еді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ