Нұр-Сұлтанда ер адам Жоғарғы соттың алдында өзін өртемек болды
Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болған ер адам қамауға алынды. Ол осылайша ағасына қатысты істің әділетсіз жүргізілуіне қарсылық білдірген.
Оқиға 20 шілдеде болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.
" М. есімді азаматтың түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы", - деп нақтылады сот.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел әрекет етіп, төтенше жағдайдың алдын алды.
Кейінірек ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік өндіріс басталды.
"Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ді кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды", -делінген хабарламада.
Қамауға алу түріндегі жазаны тағайындау кезінде сот ұсталған адамның мұндай әрекетке қасақана барғанын және қоғамдық тәртіпке теріс әсер еткенін ескерді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ