присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Он жылдан астам іздеуде болған Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды

12 шілде 2022 11:50
Он жылдан астам іздеуде болған Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды

Мәскеуде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Болат Алтынбеков ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдікті фамилиясын өзгерткен.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық деңгейде іздестірді.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды",-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру