присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Онкологиялық диспансер есепшісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

19 тамыз 2022 15:50
Онкологиялық диспансер есепшісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Алматы қаласы өңірлік онкологиялық диспансерінің бұрынғы есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты.

Іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.
Сот бұрынғы есепшінің 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылға дейін кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы электронды жүйеге қол жеткізіп, бас есепші қызметін атқара отырып, үшінші тұлғалардың шоттарынан бюджет қаражатын негізсіз аударып келгенін, кейін ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғанын анықтады.
Алматы облыстық онкологиялық диспансеріне 53 000 000 теңгеден астам шығын келтірілген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы М.-ның ұрланған ақшаға жер телімін алып, сол жерге тұрғын үй салып, қымбат көліктер сатып алғаны анықталды.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін айтты. Прокурор айыпталушыға тағылған айыптар бойынша оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының өз кінәсін толық мойындағанын, әрі балалары барын ескеріп, жазасын жеңілдетті.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға шеттетілді. Қылмыстық жолмен табылған мүлік тәркіленеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру