Ордабасы ауданынан аса құнды жәдігерлер табылды
Ордабасы өңіріндегі Қарабастау елді мекенінде аса құнды жәдігерлер табылды. Мұны ауыл тұрғыны құрылыс жұмысын жүргізу кезінде 2,5-3 метр тереңдіктен көрген. Ол бірден қоладан жасалған 5 дана, тасқа ұқсас заттан қашалып жасалған 2 құнды жәдігерлерді Ордабасы қорық-музей қорына табыстады, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
Археологтардың зерттеуі бойынша, мұндай жәдігерлер Түркістан облысы аумағында бұрын-соңды табылмаған б.з.б. I мыңжылдықта өмір сүрген сақ дәуіріне жататын жәдігерлер болуы мүмкін.
Қоладан жасалған екі жәдігерде архар жануарының бейнесі сомдалған. Ал тасқа ұқсас заттан қашалып, ортасы жіп өткізілетіндей етіліп жасалған екі зат әйел адамның әшекей бұйымы, яғни моншақтың бір бөлігі екендігін аңғартады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ