Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті
Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ленин кентіндегі №33 орта мектепте болған.
"23 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Ленин кентіндегі Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне бұрышты баллон шашқан", - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.
Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жұмыс істеп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ