Ресейліктер 11 қаңтарда еліне ұшып кете алады
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ресей азаматтары 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы әуежайынан ұша алатынын хабарлады.
"11 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайынан "Чкаловский" әуежайына (Мәскеу облысы) ресейліктерді отанына жеткізу үшін Ресей қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының рейсі орындалады. Ауа райы жағдайына байланысты қонуға Ресей әуе-ғарыш күштерінің басқа аэродромдары пайдаланылуы мүмкін", — делінген елшілік хабарламасында.
Әуежай терминалында 9:00-ден 15:00-ге дейін жиналу керек.
Ресей азаматтарынан "бір жолаушы – бір қол жүгі" шектеуіне сүйене отырып, жарамды төлқұжаттарын ұмытпауды, сондай-ақ жеке заттарын тұтастыруды сұрады. Төтенше жағдайға байланысты әуежай қызметтері багажды бортқа тиеу қызметін көрсетпейді.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Ресей әскери ұшағы Қазақстаннан Ресейге 146 адамды, оның ішінде алты Венгрия азаматы және бес Австрия азаматын тасымалдаған болатын.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ