СOVID-19 жұқтырғандардың саны күрт өсті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 66 адамнан СOVID-19, 6 адамнан пневмония табылды.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша 1 750 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше СOVID-19-ды 46 адам жұқтырған болатын.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ