присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

19 мамыр 2022 13:00
Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды  Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды.

Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.

Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта өткен "Орталық Азия - Ресей" атты парламентаралық форумға қатысты.

Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру