Тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді
Қарағандыда қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздарының туыстарына наградалар табысталды. Олар Талдықорған мен Қызылордада тәртіпті қалпына келтіру кезінде көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Марапатты марқұмдардың туыстарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.
Жиынға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлібек Сералиев пен "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сәкентай Шекарбеков қатысты. Олар өжет ұлды тәрбиелегені үшін қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына алғыс білдірді.
"Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкерлері атынан Әлібек Сералиев мерт болған сарбаздардың туыстарына 7 миллион теңгеден қаражат табыстады.
Айта кетері, көз жұмған Айбат Аманов 2003 жылы Атасу аулында дүниеге келген, ол Талдықорғандағы 5514 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
Ал Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағандыда туған және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында, Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінде қызмет еткен.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ