Түркістан облысында толассыз жауған нөсер салдарынан 2 жасар бала қаза тапты
Түркістан облысында үздіксіз жауған жауын-шашынның салдарынан 2 жасар бала суға толған шұңқырға құлап кетті
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауған. Табиғи құбылыстардың салдарынан Қазығұрт ауылында 09:30 шамасында 2020 жылы туған бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы селге толған шұңқырға құлап, суға батып кетті.
Бұған қоса, толассыз нөсер салдарынан облыстың 3 ауданында (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басып, 13 ірі қара қырылған.
Жағдайды Түркістан облысының әкімдігі мен ТЖД бақылауға алған. Қазір Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД құрылымдық күштері суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ