присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ел ішіндегі көші-қон 2,1%-ке қысқарды

13 шілде 2022 17:20
Ел ішіндегі көші-қон 2,1%-ке қысқарды

Биыл қаңтар-мамыр айларында ел ішіндегі көші-қон 2,1%-ке азайды.
Көші-қонының оң сальдосы Алматы (14 481 адам), Нұр-Сұлтан (12 783 адам) және Шымкентте (1 773 адам) байқалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Қаңтардан мамырға дейін елге 6 227 адам келіп, 9 034 адам кеткен. Көші-қон сальдосы - минус 2 807 адам. Незінен ТМД мемлекеттерінен келеді, кету үшін де осы мемлекеттерді таңдайды.

Халық саны

1 маусымдағы деректер бойынша ел халқының саны 19 миллион 222,6 мың адамға жетті. Қалаларда 11 миллион 460,5 мың қазақстандық тұрады. Бұл халықтың 59,6%-і. Ауылдық жерлерде 7 миллион 762,1 мың адам (40,4%) бар. Бір жыл ішінде халық саны 237,8 мыңға артты.
Қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда төмендеп, 103,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,94 адамды құрады.
2022 жылғы қаңтар-мамырда 161,5 мың сәби туд.. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ке аз. 58,5 мың адам қайтыс болды. Былтырғы қаңтар-мамырдан 8,2%-ке аз (63,7 мың адам).
Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында республикада бір жасқа дейінгі 1 384 сәби көз жұмды, Өткен жылы бұл көрсеткіш 2,7%-ке көп болған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру