Елімізде қолданыстағы тұрғын үй бағасы 30 пайызға жуық қымбаттады
Бір жылда (2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы мамырда 22,8%-ға артты. Бұл туралы Taunews.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%-ға.
«Тұрғын үйдің қайта сату нарығында жоғары өсім Талдықорған қаласында (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығында көшті Алматы қаласы бастап тұр (49,9%)», – деп атап өтті Қ. Жақыпбекұлы.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы мамыры мен 2022 жылғы сәуір аралығы) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,7%, пәтерлерді қайта сату 1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда мамырда 1,3% жоғарылады.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады.
«Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ