Елордада алаяқтық жасаған ЖШС басшысы ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС басшысы Асқар Асайұлы Омарды ұстады.
Осылайша, А.Омар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланды.
Квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 300 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Ұрланған қаражатқа Омар А. Астанада құны 125 млн теңге қымбат пәтер мен Range Rover автокөлігін 60 млн теңгеге сатып алды.
Сонымен қатар Омар А. қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланды.
Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ