присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елордада көшеде түкірген тұрғындарды камералардың көмегімен анықтайды

18 тамыз 2022 12:48
Елордада көшеде түкірген тұрғындарды камералардың көмегімен анықтайды

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары көшеде түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.
Көшеде түкірген тұрғындар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады.

"Тәртіп бұзғандар көлік нөмірі бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіпбұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

"Осындай жағдайға куә болған адамдар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса ұсынуы қажет", - деді әкімдіктегілер.
Қала билігі астаналықтарды шаһарды таза ұстауға және коммуналдық қызмет мамандарының еңбегіне құрмет көрсетуге шақырды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру