Елжан Біртановтың ісі сотқа түсті
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі сотқа түсті.
«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. ҚІЖК нормаларына сәйкес судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен бас сот талқылауын тағайындау немесе істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды», - деп хабарлады Сарыарқа ауданы №2 сотының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап үй қамауында.
Елжан Біртанов ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жылғы 25 Маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын.
2020 жылдың 30 қазанында Елжан Біртанов күдікті деп танылып, сол күні ұсталды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ