присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға көтерді

25 сәуір 2022 14:32
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға көтерді

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Соған сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында  Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Азық-түлік пен қуат көзі бағасының айтарлықтай өсуі салдарынан экономикасы дамыған, соның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктесі саналатын елдерде инфляция айтарлықтай өсті, бұл импортпен келетін инфляцияның өсуіне де әсер етеді.

Таяу аралықта инфляция үшін негізгі сын-қатерлер экономикада оң серпін болған жағдайда елеулі фискалды қарқынмен, ішкі және сыртқы сұраныспен, азық-түлікке, шикізатқа және дайын өнімге әлемдік бағаның өсуімен, жоғары әрі тұрақсыз инфляциялық күтулермен, жеткізілім тізбегінің бұзылуымен, негізгі сауда серіктес елдерден жоғары инфляцияның импортымен келеді.

«Базалық мөлшерлеме бойынша алдағы шешімдерді қабылдау кезінде статистикалық деректер мен «2022 жылғы мамыр-маусым» болжамды раундының нәтижелері негізгі рөлді атқарып шығады. Инфляциялық күтулердің траекториясын, инфляцияның жаңартылған болжамдарын, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ туындауы мүмкін қосымша инфляциялық күйзелістердің қаупін ескере отырып, ақша-кредит шарттарын одан әрі қатайтуға мүмкіндік бар», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша жоспарға сай кезекті шешімі 2022 жылы 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру