присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның ұн өндірушілері нарықтан ығыстырыла бастады

21 қыркүйек 2022 15:47
Қазақстанның ұн өндірушілері нарықтан ығыстырыла бастады

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ләззат Рамазанова Қазақстан ұн өндірушілерінің нарықтан біртіндеп ығыстырылып жатқанын айтты.

Ол өзінің алаңдаушылығын премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің атына жолдаған депутаттық сауалында білдірді.

Депутат 1 тамызда "Отандық өндіріс тауарларының экспорты кезінде көлік шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрық қабылданғанын атап өтті.

Бұл бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып қабылданған. Құжат Ашық НҚА порталында бір басылымда орналастырылды. Бірақ түпкілікті нұсқадан айқын айырмашылығы бар тұжырымдамалық түрде басқаша қабылданды. Жобаның жаңартылған нұсқасы Ашық НҚА порталында орналастырылмаған. Салалық қауымдастықтармен және мүдделі кәсіпкерлік субъектілерімен қосымша талқылау және келісімдер жүргізілген жоқ. Бұйрықтың Ауыл шаруашылығы министрлігіне де жолданбағаны көңілге қонымды. Бүгінде ұн тартушылар мемлекет қолдауына бұрынғыдан да көбірек мұқтаж, - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова.

Ол Қазақстанның Ресеймен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістікте екенін айта келе, қазіргі геосаяси жағдайдың нәтижесінде ресейлік кәсіпорындар Қазақстанның басым экспорттық нарықтарында белсенділік танытып келе жатқанын атап өтті. Олар Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Иран.

«Қазақстандық ұн өндірушілер бірте-бірте нарықтан ығыстырылып жатыр, оның бір себебі - логистикалық шығындар. 2017 жылдан бастап ресейлік экспорттаушылар азық-түліктерін шетелге тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтемақы алады. Біздің өндірушілер, жаңа тәртіпке сәйкес, мұндай қолдаудан айырылды. "Логика қайда?" дейсіз. Өйткені біз мәселені ұзақ уақыт елемесек, әдеттегі экспорттық нарықтарымызды жоғалту қаупі соғұрлым жоғары болады», - деді Ләззат Рамазанова

Осыған байланысты ол Серік Жұманғаринді аталған бұйрыққа түзетулер енгізуді және қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қосымша шараларын енгізу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру