"Самұрық-Қазына" қоры АЭС жобасын жүзеге асыруға кірісті
"Самұрық-Қазына" қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.
"Энергетикалық балансқа жасалған болжам 2032 жылға дейін қуаты 2400 мегаваттқа дейін атом электр станциясын салу қажеттілігін көрсетті. Сол себепті үкімет басшылығымен қор аталған жобаны іске асыруға кірісті", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол бұл бағыттағы жұмыс туралы мүдделі тұлғаларға, журналистерге және қоғамға хабар беретінін атап өтті.
Айтуынша, Қазақстан Франция, Түркия, Венгрия, Кореядағы атом электр станцияларын зерделеген. Қытайдағы атом электр станциясына барған.
"Жалпы Самұрық-Қазына, үкімет және энергетика министрлігі аталған жобаны барлық ең үздік технологияларды ескеретін халықаралық инвесторлар пулымен жүзеге асырылуы керек деген пайымға келді", - деді Сатқалиев.
Атап айтқанда, "ядролық аралдың" жеткізушілер ретінде Росатомның, Қытайдың СNC, кореялық және франциялық компаниялардың ұсынысы қаралып жатыр.
"Әрқайысының оң және кемшін тұстары, халықаралық жобалардағы тәжірибесі бар", - деді басқарма төрағасы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ