Алматылық мұғалімдер 400 видеосабақ түсірген
Алматыда жаңа оқу жылына арнап 400 видеосабақ түсірілген, -деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысып жатыр.
«Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы процеске қатысуда», -деді Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Айта кетейік, видеосабақтар жаңа оқу жылында республикалық арналар арқылы трансляцияланады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ