Disney пандемияға байланысты 28 мың қызметкерді қысқартпақ
Америкалық Walt Disney компаниясы коронавирустық пандемияға байланысты бірқатар экономикалық проблемаға тап болғанын, салдарынан АҚШ-тағы 28 мың қызметкерді қысқартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, -деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.
«Бұл қадам қаншалықты ауыр болса да, бизнесімізге COVID-19-дың тигізген әсері салдарынан қолға алуға болатын жалғыз жол», - деді компания басшылығы.
Агенттіктің хабарлауынша, тақырыптық парктер, круиздік кемелер, бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ, басшылық мүшелері қысқартылады. Олардың жартысынан көбі толық емес жұмыс күні режимінде қызмет еткен.
Жалпы, пандемия басталғанға дейін компания штатында шамамен 100 мың жұмысшы болған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ