Әлемдегі ең толық бала 21 жасында қайтыс болды
2003 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үлкен бала Жамболат Хатохов 21 жасында Нальчикте қайтыс болды, деп хабарлайды Taunews.kz.
"Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы, Қабардин-Балқар Республикасының тұңғыш сумо палуаны Жамболат Хатохов дүниеден озды", – деп жазды Ресейдің мас-рестлинг бойынша жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Бетал Губжев Instagram-дағы парақшасында.
Қайтыс болу себеп-салдары туралы ештеңе жарияланбады.
Жамболат Хатохов 1999 жылы 24 қыркүйекте Қабардин-Балқардағы Терек қаласында дүниеге келген. Бір жасында оның салмағы он жеті килограммға сәл ғана жетпеді. Бірінші сыныпқа барғанда салмағы 115 келі болатын. Он жеті жасында салмағы 230 килограммға жетті. Одан кейінгі бір жыл ішінде ол 50 келіден артық салмақ тастады. Яғни, он сегіз жаста оның салмағы 176 кг болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ