Екі қасиетті мешіт Рамазанда қалай жұмыс істейді?
Сауд Арабиясы Мекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешіт үшін Рамазан айының жоспарын жарияланды. Ел билігі мешітке келушілерді өз қауіпсіздігін және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін COVID-19 вакцинасын алуға шақырады.
Екі қасиетті мешіттің істері жөніндегі бас дирекцияның басшысы Шейх Абдурахман әс-Судайс, жоспарға сәйкес, барлық қажылар COVID-19 індетінің таралуын болдырмау үшін енгізілген денсаулық пен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, Исламның қасиетті жерлеріне бара алатынын айтты.
«Мақсат – Алланың қонақтарына салт-жораларды орындау мен денсаулықты сақтауды біріктіретін ерекше тәжірибе беру», – деді ол.
Меккенің үлкен мешітінде Шығыс ауласын қоса алғанда, намаз оқитын бес орын және ерекше қажеттіліктері бар жамағат үшін арнайы орын жұмыс істейді. Умра қажылары тауапты бірінші қабатта бір ай бойы жасай алады.
Зәмзәм су салқындатқыштары жұмыс істемейді, бірақ еріктілер күн сайын 200 000 бөтелке Зәмзәм суын үлестіреді.
Үлкен мешітте немесе Пайғамбар мешітінде Ораза ұстағысы келетіндерге тек жеке тұтыну үшін су мен құрма әкелуге рұқсат етіледі. Басқалармен бөлісуге немесе таратуға тыйым салынады.
Екі қасиетті мешіттің бас дирекциясы мешіттердің үй-жайлары мен аулаларында тамақтануға тыйым салынғанын айтты. Алайда, сол жерлерде ауыз ашқысы келелетіндер тамақпен қамтамасыз етіледі және бұл тағамдар жеке-жеке таратылады.
Әл-Судайстың айтуынша, 10 000-ға жуық жұмысшының көмегімен екі қасиетті мешіт жұмысы белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіледі және қажылардың тым көбейіпк етуінің алдын алады.a
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ