присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Сот орындаушылар жалақы төлемеген компаниядан 200 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп алды

30 қыркүйек 2020 14:56
Сот орындаушылар жалақы төлемеген компаниядан 200 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп алды

Солтүстік Қазақстан облысының Сот орындаушылары астық компаниясынан жалақы бойынша 200 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп алды, -деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сот орындаушылар 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында 210 703 689 теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды. Бұл қаражат ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі қарыздарын алмаған 450 қызметкерге тиесілі.  

«Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек Солтүстік Қазақстан облысының астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін "Қазэкспортастық" компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан. Осылайша, жұмыс берушілер өз қызметкерлерімен Заңды тұлғалардың шоттарына түскен, есептен шығарылған және өндіріп алушыларға аударылған қаражатты толығымен төледі», -делінген хабарламада.

Жыл басынан бері облыстың сот орындаушылары аталған санаттағы 2000 атқарушылық іс жүргізу бойынша 700 млн. теңгеден астам қаржы өндіріп алған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру